🌸 Алла елшісі ﴾ﷺ﴿ ның өміріндегі романтика. ✅ - Батыстың киноларындағы әртістерінің әйелдерінің ауыздарына романтикалық түрде тамақ салып жатқандығы біздерді еліктеттіреді, бірақ Пайғамбар ﴾ﷺ﴿ xадисіне еліктемейміз: "Садақалардың ең абзалы кісі өз әйелінің аузына лұқма салғаны." ✅ - Жұбайына гүл сыйлау батыстың әдеті деп сенеміз, ал Пайғамбар ﴾ﷺ﴿ ның xадисін жадымыздан шығарамыз: "Кімге райxан гүл ұсынылса қайтармасын (қабылдасын); себебі өзі жеңіл, иісі әдемі." ✅ - Бір батыстың жігіті жұбайына көлігінің есігін ашып берсе қызығамыз, ал Пайғамбар ﴾ﷺ﴿ ның Хайбар шайқасында жұбайы Сафия р.а ны көлігіне мінгізу үшін тік отырған xәлінде санын төсеп, ал Сафия анамыз ол кісі ﴾ﷺ﴿ ның берекелі санына шығып сосын көлігіне мінгендігін жадымыздан шығарамыз. Міне бұл шайқас уақтында жасалған мәміле, ал жәй күнде қалай істер еді?!? ✅ - Пайғамбар ﴾ﷺ﴿ Айша р.а анамыздың үйінде бақилыққа аттанды, ол кісі мешітте сәждеде жатқан күйі кетсе болар еді, бірақ жұбайының тізесіне бас қойып әлемнен өтті... ✅ - Пайғамбар ﴾ﷺ﴿ Айша р.а мен бірге болғанда су ішуді қаласа Айша анамыз ішкен стаканды алып, Айша анамыз ішкен жерінен су ішер еді. Осыны білген адам батыстың етикасын керек ете ма?!? ✅ - Айша р.а Алла елшісі ﴾ﷺ﴿ үйінде болған сәттерінде немен айналысар еді деп сұралғанда, Айша р.а: "Ол кісі (с.а.с) киімін өзі тігетін, қойын өзі сауатын, өзінің және отбасының қызметінде болатын адамдардан бір адам еді." Мұндайларды Пайғамбар ﴾ﷺ﴿ ның өміріне үңілген адам жүздеп бәлкім мыңдап кездестіреді, он төрт ғасыр бұрын мәміленің ең жоғарғысын үйретіп кеткен Алла елшісі еді ﴾ﷺ﴿....

Теги других блогов: романтика Пайғамбар ﴾ﷺ﴿ етика